12:53, 22 Ақпан 2017 | GMT +5
Алматы облысында 22 денсаулық сақтау нысаны салынуда
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Алматы облысында жалпы құны 3,2 млрд теңге болатын 22 денсаулық сақтау нысаны салынуда. Оның 10-ы ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, 8-і фельдшерлік акушерлік пункт. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, өткен жылы облыс орталығында 300 орынға арналған көп салалы аурухана ашылған болатын. Оған қоса 1,6 млрд теңгеге 14 медициналық нысан жөндеуден өтті.
Санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 87 % жетіп, медициналық құралдармен жабдықталу 81 пайызды құрады.
Сонымен қатар Талдықорған қаласында өткен жылы медицина мамандарына арналған 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімінің грантымен 85 студент еліміздің медициналық ЖОО-ларында оқып жатыр.