12:07, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматы облысында 53 жастағы әйел еңбек құлдығынан құтқарылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері еріксіз еңбекке салу мақсатында 53 жастағы әйелді ұрлап әкетті деген күдікпен Көксу ауданының тұрғынын ұстады.

Жәбірленуші өткен жылдың қыркүйек айынан із-түзсіз жоғалғандардың тізіміне енген болатын. Жедел шаралар барысында полицейлер әйелді Көксу ауданы ауылдарының бірінен тапты.
Әйелдің сөзіне қарағанда, ол Алматыда ұрланған, онда түрлі жұмыстарды атқарып, жалдамалы үйде тұрған екен. Әйелдің денесіндегі жарақаттың ізі оның сөзін растайды, оны пышақпен жаралап, ес-түзсіз жатқан кезінде ұрлап әкеткен. Соңғы жарты жыл бойы ол Көксу стансасында, жекеменшік үйлердің бірінде тұрған. Әйел ол жерде түрлі жұмыстар атқарған.
Полицейлер адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.