Алматы облысында бір табын жылқы айдап кеткен барымташылар ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес полицейлер жылқы ұрлауға машықтанған 1977-1981 жылдары туылған үш ер адамды ұстады.
None
None

Факті Ұйғыр ауданында тіркелді. 15 сәуірде жергілікті полицейлерге 11 бас жылқысы ұрланған Шошанай ауылының тұрғыны жүгінген.

«Жедел-іздеу шаралары барысында жылқыларды жүк көлігімен әкеткені анықталды. Жолда орнатылған видеобақылауды арқылы жүк көлігі ұсталды», - деді Ұйғыр АІІБ бастығы Рамиль Гимадиев.

Полицейлер Ұйғыр ауданынан бір табын жылқы ұрлаған үш адамды ұстады. Олар ҚХР тумалары, Аспан асты елінен Қазақстанға жуырда көшіп келген этникалық қазақтар.

«Сот алды тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды. Қазір олардың мал ұрлау бойынша басқа қылмысқа қатыстылығы тексерілуде», - деп атап өтті полицияда.

Соңғы жаңалықтар