Алматы облысында бір тәулікте екінші рет жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 20-31-де жел сілкінісін тіркеді.
None
None

Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 8.7. Тербелісі - MPV 4.2, тереңдігі - 10 шақырым.

Еске сала кетейік, 30 тамыз күні Алматы уақытымен 14:24-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 43 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар