Алматы облысында браконьерлер 3,5 млн. теңгеге қабан аулаған

ТАЛДЫҚОРҒАН. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Балқаш ауданына қарасты Бала Топар ауылында жүргізілген рейдтік шараның барысында браконьерлік фактісі анықталды.
None
None

Полицейлер «Ауди-100» көлігін ұстады, көлік ішінен 10 жабайы қабан денесі анықталып, тәркіленді.

Жабайы қабанның етін сатып алған, ұсталған көліктің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің «Қылмыс арқылы табылған затты сатып алу» бабына сәйкес, ал еттің сатушысына қатысты «заңсыз аң аулау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекетке келтірілген шығын 3 462 000 теңгені құрады. Ұсталғандардан ешқайда кетпеу жайында қолхат алынды.

Соңғы жаңалықтар