Алматы облысында есірткі бизнесінің бір арнасы жойылды - ІІМ

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысында арнайы операцияның нәтижесінде есірткі сатумен айналысқан 7 адамның қолына кісен салынды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
None
None

Оның хабарлауынша, есірткі бизнесінің осы бір арнасын жою мақсатында арнайы операция Талдықорған және Үштөбе қалаларында бір мезгілде өткізілді. «25 - 54 жас шамасындағы қылмыскерлердің барлығы - облыс орталығы мен Қаратал ауданында есірткі сатумен айналысатын қылмыстық тізбектің ажырамас бөлігі. Талдықорған қаласында осы қылмыстық топтың жетекшісін ұстағанда, оған тиесілі «Мерседес Бенц» автокөлігінен дәріге арналған құтыға салынған үш полиэтиленді орама табылды. Онда героин болған. Бұл жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы облысына тасымалданатын героин арнасының көзі жойылып отыр», - дейді Н.Ораз.

Ал Теміртау қаласында бұған дейін де есірткі қылмысы үшін сотты болған 40 жастағы әйел адам героин сату кезінде қолға түсті. Оның үйін тінту кезінде 1,5 келіден астам героин заты тәркіленді. Одан 8,5 мың доза есірткі шығатын еді.

Соңғы жаңалықтар