Алматы облысында көлігінің әйнегін қасақана сындырған пранкерлер ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында пранк жасағандар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында автокөлікке зақым келтірген бейнежазба анықталды. Оқиға Есік қаласында 2021 жылдың 4 қаңтарда болған. Аталған дерек бойынша полицияға ешкім арыз түсірмеген. Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары ұсақ бұзақылық жасағаны Алмалы ауылының 21 жастағы тұрғыны мен «Volkswagen Passat» иесі, Есік қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады.

Оқиғаға қатысушылар алдын-ала келісіп, әлеуметтік желідегі жұрттың назарын аударту мақсатында осындай әрекетке барған. Қоғамдық тәртіпті бұзушылардың айтуынша, олар тек парақшаға жазылушы санын арттырып, сосын көліктің әйнегін жөндегілері келген.

Құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды.


Соңғы жаңалықтар