04:04, 16 Тамыз 2014 | GMT +5
Алматы облысында қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 3:43-те Алматы облысында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек (EMSC), жер сілкінісі 16 тамыз күні Алматы қаласынан 40 км шығысқа қарай, Талғар қаласынан 25 шақырым қашықтықта жергілікті уақыт бойынша 03:42:30-да орын алған.
Бұған дейін дәл осындай қуатты жер асты дүмпуі 2011 жылы 1 мамырда болған еді. Ол жолы жер сілкінісінің қуаты 5,5 балға жеткен.