Алматы облысында мас жігіттер патрульдермен төбелескен

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 1987-1988 жылдары туған алты жігіт жауапкершілікке тартылып жатыр, олардың бірі қамауға алынды.
None
None

Күдіктілер Шамалған ауылында қоғамдық орында арақ ішіп жатқан кезде ұсталған. Мас күйде болған олар Қарасай АІІБ патруль жасағына құжаттарын көрсетуден бас тартып, тәртіп сақшыларын балағаттаған.

«Заңбұзушылардың біреуі қарсылық көрсетуге әрекеттеніп, тәртіп сақшысының формасын жыртқан. Қарсылық білдіргендеріне қарамастан, полицейлер барлық алты тәртіп бұзушыны Қарасай АІІБ жеткізді. Ұсталғандардың бірі қамауға алынды», - деп атап өтті облыстық ІІД. ҚР ҚК 380 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жаңалықтар