Алматы облысында полиция баласымен келе жатқан әйелді қағып кеткен жүргізушіні қамауға алды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жол көлік оқиғасы Өтеген ауылы «Биля» базарының маңында орны алды. Оқиға орнында түсірілген видеоны куәгерлер әлеуметтік желіге салған.
None
None

Жүргінші жолында БМВ көлігі соғып кеткен әйел мен алты жастағы қыз ауыр жарақаттармен Іле ауданы ауруханаларының біріне жеткізілді.

Алматы облысы сот алды тергеу полицейлерінің нақтылауына сәйкес ҚР ҚК 345-бабына бойынша фактіге сай қозғалған іс қазір Іле АІІБ қызметкерлерінің өндірісінде.

Бұдан бұрын анықталғандай, көлікті басқарған 21 жастағы жүргізушіге қатысты оны ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қамау туралы шешімі қабылданды.

Апаттан зардап шеккен әйел мен 1 сынып оқушысы - алты жастағы жасөспірім қыз әлі де дәрігерлердің бақылауында.

Соңғы жаңалықтар