Алматы облысында Үштөбе тұрғыны туған анасы мен екі жүргіншіні пышақтап кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде полицейлер үш адамды пышақпен жарақаттаған Үштөбе қаласының тұрғынын ұстады.
None
None

Оқиға Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында орын алды. Анықталғаны 30 мамырда орталық ауруханаға пышақ жарақаттарымен екі ер адам мен 48 жастағы әйел түсті. Әйел полицейлерге үшеуін де өзінің 24 жастағы ұлы пышақтағанын мәлімдеді.

 «Қылмыс анасы мен ұлының сөзге келіп қалуы салдарынан орын алғаны анықталды.  Екі жүргінші әйелге көмектеспекші болып келгенде, қалтасынан пышақ алып шығып, үшеуіне бірдей пышақ жарақатын салып, белгісіз бағытта бой тасалаған. Ақпарат алған полицейлер жедел іздеуге шығып, күдіктіні қолға түсірді. Қазір күдікті УҰИ-да қамауда», - деді облыстық полицияда.

Зердеп шеккен екі адам амбулаториялық емге үйлеріне шығарылды. Ауыр жарақат алан үшінші адам ауруханада жатыр. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Соңғы жаңалықтар