Алматы облысында жасөспірімдер мола шарбақтарын сындырып, олардан тауық қораларын салған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Кербұлақ ауданында бұзақылық фактісі тіркелді. Жергілікті полицейлерге Қарашоқы ауылының жанындағы қорымдағы мола шарбақтарын сындырған белгісіз адамдарға қатысты шаралар қолдану өтініші келіп түскен.
None
None

«Оқиға орнын қарау кезінде алты қорымның шарбағы бұзылғаны анықталды. Құлпытастардағы кейбір жазуларға батпақ жағылған. Кербұлақ АІІБ қызметкерлерінің ұйымдастырған жедел шаралары барысында жергілікті ауыл мектебінде оқитын 9-13 жас аралығындағы үш оқушы ұсталды», - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ұсталған жасөспірімдер берген түсініктемелерінде шарбақтарды үй құстарын ұстауға арналған торлы орын ретінде пайдалану мақсатында сындырғандарын айтты.

«Тергеу барысында күдіктілердің кәмелеттік жасқа жетпегені міндетті түрде есепке алынады. Ал әзірше жасөспірімдердің ата-аналарының алдында бүлінген шарбақтарды қалпына келтіріп, батпақ жағылған жазбаларды жуу міндеті тұр», - деп атап өтті облыстық полицияда.

Соңғы жаңалықтар