13:35, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Алматы облысында жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ-нің сейсмологиялық стансалар желісі 2015 жылдың 30 наурызында Алматы уақыты бойынша сағат 12:48-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Алматы облысында орналасқан.
Оның энергетикалық класы - 10.1. MPV магнитудасы - 4.5. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік турады мәліметтер келіп түскен жоқ.