01:15, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Алматы облысында жол апаты орнынан ізін суытқан жүргізуші әйел ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 2014 жылы 2 желтоқсан күні Талғар ауданы Тұздыбастау аулының 44 жастағы тұрғынын көлігімен басып кетіп, оқиға орнынан ізі суытқан жүргізуші әйел ұсталды.
Облыстық ІІД хабарлағандай, зардап шеккен ер адам ауыр жарақттарымен аудандық ауруғанаға жатқызылды.
Жедел ісздеу шаралары барысында полиция қызметкерлері «Тойота Камри» көлігін анықтады. Көліктің маркасын сарапшылар жол апаты болған орыннан қалған іздер арқылы тапты.
Белгілі болғанда, көліктің иесі 34 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде жүргізуші әйел Талғар АІІ басқармасында тергеушілерге жауап беруде.