Алматы облысының полициясы бір тәулік ішінде жоғалған 10 адамды тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының ІІД-де 13-14 мамырда аймақ аумағында «Қаңғыбас» шарасы өтті. Полицейлердің күші бұл күні із-түзсіз жоғалғандарды анықтауға бағытталды.
None
None

Бірінші күннің нәтижесі бойынша полицейлер өткен жылдан және ағымдағы жылдың басында жоғалған деп саналған 10 адамды тапты. Олардың ішінде 3-уі кәмелет жасқа толмаған.

«Осылайша, Іле АІІБ қызметкерлері үйінен қашып, соңғы 8 ай бойы ОҚО-да жігітімен бірге тұрған 24 жастағы қызды тапты. Қапшағай полицейлері 2015 жылдың 27 сәуірінен бері іздеуде жүрген 15 жастағы қызды ата-анасына қайтарды», - деп атап өтті облыстық полициядан.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 5 адамды ұстады. Мәселен, Қырғызстанда 2013 жылы ақпанда Алматы облысы Іле ауданындағы топтық қарақшылық шабуылға қатысты деп күдіктелген 25 жастағы ер адам ұсталды.

Соңғы жаңалықтар