Алматы облысының полициясы жоғалып кеткен колледж студенттерін іздеп тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полиция қызметкерлері аптаның басында із-түссіз жоғалып кеткен кәмелетке толмаған екі колледж студентін іздеп тапты.
None
None

Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы колледждердің бірінде оқитын он алты жастағы екі бойжеткен 21 желтоқсан күні жоғалып кеткен болатын. Жоғалған қыздардың туыстары алдымен өздері іздемек болған, полицияға 23 желтоқсан күні ғана хабарлады.

Ата-аналарының айтуынша, екі қыз жақын құрбылар, екеуі де оқу орнына барар жолда жоғалған. Екі студенттің де ұялы телефондары өшірулі болған. Іздеу жұмыстарына колледждің педагогтары мен жергілікті әкімдік қызметкерлері, аудандық полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды.

25 желтоқсан күні жедел қызмет органдарының қызметкерлері жоғалған қыздардың қайда екендігін анықтады. Екі қыз Талғар ауданындағы ауылдардың бірінде құрбыларында қонақта болған. Қазіргі кезде студенттер үйіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар