Алматы полициясы 15 жастағы мүгедек баланы өз қамқорлығына алды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы 15 жастағы мүгедек баланы өз қамқорлығына алды. 15 жастағы Азамат Сәтпаев сүйегі сынғыш ауруының салдарынан сол аяғынан айырылған. Қазір ол мүгедектер арбасымен қозғалады.
None
None

Баланың отбасы шағын семьяларға арналған жатақханада тұрады. Науқасқа қарайтын бір адам керек болған соң үйде тек отағасы жұмыс істейді.

Қазір жеткіншек №40 мектептің 10-сыныбында оқиды. Қазір үйден білім алып жатса да, мектеп бағдарламасынан еш қалған емес.

«Өте талантты бала. Өзі өлең жазады. Шағын скетчке сценарий жазады. Бостандық аудандық ІІБ бөлімшесінің қызметкерлері баланың отбасына қажетті азық-түлік пен киім-кешек әкеп берді. Азаматтың қоғамға бейімделуі үшін барлық құзырлы органдарды іске тарттық. Енді демеушілер оған жаңа арба сыйлап, оның спорт секциясына жазылуына көмегін тигізіп жатыр», - деді жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің басшысы Лейла Әліпбаева.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар