Алматы полициясы әлеуметтік желілер арқылы жіберілген фотолар негізінде құқық бұзушылықтарды анықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы азаматтардың көмегімен құқық бұзушылыққа қатысты әкімшілік ықпал ету шарасын қолданды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Көлік құралдарын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік қою орындарына қою ережесінің бұзылғандығы туралы фотоақпарат полиция бөлімінің қарамағына әлеуметтік желілер арқылы келіп түсті. Тәртіп сақшылары тез арада тексеру жүргізді.

«Бұл фотода екі автокөлік бейнеленген. Олардың бірі - «Ауди» маркалы автокөлігі заңды тұлғаға тиесілі болып шықты. Бұл автокөліктің иесі тексеру барысында өзінің екінші топтағы мүгедек екендігін растайтын құжаттар ұсынды. Сәйкесінше, оның іс-әрекетінде құқыққа қайшы нышандар табылмады. Дегенмен, басқа көлік - «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі құқыққа қайшы әрекет жасағанын мойындады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 597-ші бабының 4-ші тармағында қарастырылған құқық бұзушылық әрекеттердің нышаны бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.  

Өз кезегінде Алматы полициясы құқықтық тәртіптің сақталуына ат салысқан белсенді азаматтарға ризашылығын білдірді. 

Соңғы жаңалықтар