12:10, 16 Қараша 2016 | GMT +5
Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ТЖД Алматы маңында болуы мүмкін қар көшкіні қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» филиалының дауылды алдын ала ескертуі негізінде Алматы ТЖ департаменті ескертеді: қардың көп түсуіне (49 мм) және Жетісу Алатауы тауларындағы қар жамылғысының қалың болуынан 16-17 қарашада қар көшкіні болуы мүмкін. Қар көшкініне тап болмау үшін биік тау бөктеріне бармауға кеңес береміз. Тауда өте сақ болыңыздар», - деп хабарлайды Алматы қ. ТЖД.