Алматы туралы жарнамалық ролик BBC World News телеарнасында көрсетіле бастады (ВИДЕО)
«Бүгін BBC World News телеарнасынан Алматы қаласы жайында жарнамалық ролик көрсетіле бастады. Қазір ұлттық брендингтен өңірлік брендингке өту құбылысы байқалады. Әлемдегі ең ірі туристік бағыттардың бірі - АҚШ, Қытай және Үндістан елдері саналы түрде елді жарнамалайтын жарнамалық науқаннан өздерінің өңірлерін: штаттары мен провинцияларын жарнамалауға бағытталған науқанға көшті.
Ал басқа кейбір елдерде елдің туристік әлеуетін ілгерілететін елеулі теледидарлық жарнамалық науқан жүргізілмесе де, өңірлер мен қалалардың туристік әлеуетін ілгерілететін мықты жарнамалық науқандар халықаралық телеарналарда жақсы жүргізіледі. Ондай елдердің қатарына Ресей де Қазақстан да қосылады» - деді өзінің Фейсбук әлеуметтк желісіндегі жеке парақшасында BBC Worldwide коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин.
Ол сонымен қатар, Қазақстанның осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдірді.
«Қазақстан өзінің өңірлерін халықаралық деңгейде ілгерілету шарасын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Енді әлемдік туристер Алматы қаласын да көре алады. Алматы тау бөктеріне орналасқан қала. Алматыға бірінші рет келген соң, оған қайта-қайта келгің келеді. Мен солай жасаймын. Сіздерге де соны тілеймін», - деді С. Становкин.