Алматыда 11 жастағы қыз мектепке бармаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полициясы «Мектеп» акциясы барысында мектепке бармаған 11 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Қыз бала 5 жылда бір рет те мектепке бармаған. Жалғызбасты ана құжаттары болмағандықтан қызын сабаққа бере алмаған.

«36 жастағы келіншек құжаттарды реттеуге көмек сұрап отыр. Ол кісі еш жерде есепте тұрмайды екен. Бұрын әкімшілік жазаға тартылмаған. Жиналған материал Әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілді. Құжаттарды реттеумен көші-қон қызметі пен басқа да құзырлы органдар айналыспақ. Осындай жағдай жақында да болған еді. 11 жастағы егіздер мектеп партасын көрмеген. Қазір олар оңалту интернатында білім алып жатыр», - деді қалалық ІІД ювенальды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Айта кету керек, Алматы қалалық полициясы «Мектеп» профилактикалық шарасын жылда өткізеді. Акция барысында инспекторлар мектеп жасындағы бала тәрбиелеп отырған мүмкіндігі төмен отбасыларды аралап, мектепке бармай қалған балаларды анықтайды.

Соңғы жаңалықтар