18:00, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда 3714 үлескері бар 25 нысанды құрылыс компаниялары өз күштерімен аяқтайды
АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда биыл 1,1 миллион шаршы метрдің тұрғын үйлері пайдалануға берілмек. Бұл қала әкімі Ахметжан Есімовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында белгілі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Алматыда былтыр 3105 үлескер пәтер алды. Қазіргі таңда олардың саны - 12460. 69 тұрғын үй кешенінде шоғырланған. 2265 үлескері бар 11 нысанның құрылысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қаржыландыруымен жалғастырылады. 3731 үлескері бар 25 нысанды құрлысты жүргізушілер өз күшімен аяқтайтын болады. 608 үлескері бар 3 нысан Үкімет-Әкімдік-Құрылыс салушы үлгісі бойынша салынады. Ал 3421 үлескері бар 9 нысанның құрылысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қаржыландыруымен екі үлгімен жүргізіледі», - дейді қала әкімі Ахметжан Есімов. Алматы қаласының әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арасында биыл Ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын. Бұл келісім бойынша құрылыс салушыларды несиелендіру мен ипотекалық заемшыларға бөлінетін 360 миллиард теңгенің айтарлықтай бөлігі Алматыға берілмек.