Алматыда Алмалы ауданы әкімінің есептік кездесулері басталды

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Бүгіннен бастап Алматыда Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбековтың халықпен есептік кездесулері басталды.
None
None

Бүгін аудан әкімі №34 мектепте кездесу өткізеді. Мұндай шараның негізгі міндеті - аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнату және мәселелі сұрақтарды анықтап, дер уақытында тиімді шешім қабылдау болып табылады.

Есептік кездесуде қатысушыларға ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған әлеуеті таныстырылады. Жиында аудан тұрғындарының ұсыныстары қаралып, туындаған мәселелер шешілмек.

Азаматтарды қабылдау 22 қаңтарға дейін өтеді. Аудан әкімшілігінің хабарлауынша, әкім аудан тұрғындарымен 18 қаңтар күні - ҚР Кәсіподақтар федерациясы одағында, 19 қаңтарда - №79 мектепте, 20 қаңтарда - "Глобус" кинопаркінде, 21 қаңтарда - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, 22 қаңтарда - М.Тынышбаев атындағы Қазақ ұлттық көлік және коммуникация академиясында кездесулер өткізеді. Кездесулердің барлығы сағат 15.00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар