Алматыда автобус ішінде әйелге пышақ ала ұмтылған жігіт видеоға түсіп қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қолында пышағы бар жігіт автобусқа кіріп, бір әйелге қарай ұмтылған. Оның шабуыл жасаған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Видеодан көрініп тұрғандай, қоғамдық көліктегі бірнеше адам ашулы жігітті тоқтатуға тырысты. Себебі, оның қолында пышақ болды. Пышақ ұстаған жігіт әйелден өзінің ұры екенін дәлелдеуді талап етіп, автобуста шу шығарды.

«Біз автобусқа отырдық, кенеттен бір әйел автобусқа жүгіріп кірді. Оның артынан пышақпен ер адам жүгіріп кірді. Әйел жігіттің оның ұялы телефонын ұрлағанын айтып, айғайлайды. Ер адам пышағымен қорқыта бастады. Автобустың іші азан-қазан болды. Автобусқа пышақпен кірген бұл жігітті қоғамнан оқшаулау керек», - деді оқиға куәгері.

Полиция бұл келеңсіз жағдай бойынша әлі ешкім арыз бермегенін, бірақ әлеуметтік желіде жарияланған бұл оқиғаға қатысы барлар іздестіріліп жатқанын хабарлады.

«Барлық аудандар полиция басқармасының орталығы базасын тексерді, 102 пультіне ешқандай сигнал түскен жоқ. Алайда, полиция департаментінде өткен аптада, яғни, видео алғаш рет әлеуметтік желілерде жарияланған кезде, тексеру шаралары тағайындалды. Қаланың криминалдық полициясы шынымен не болғаны және видеодағы ер адамның кім екенін анықтау үшін оқиғаның барлық хронологиясын жасауда», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Соңғы жаңалықтар