Алматыда биыл 1,1 миллион шаршы метрлік тұрғын үй пайдалануға берілмек

АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда биыл 1,1 миллион шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға берілмек.
None
None
Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Биыл тұрғын үй құрылысының мемлекеттік 3 жылдық бағдарламасын жүзеге асыруды одан ары жалғастырамыз. Жыл соңына дейін қалада 4 мыңға жуық пәтер салу жоспарланып отыр. Қаржыландырудың барлық көздері бойынша салынып пайдалануға берілетін бұл тұрғын үйлердің жалпы көлемі 1,1 миллион шаршы метр болмақ. Ол 2008 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Былтыр 1 миллион шаршы метрдің тұрғын үйлері пайдалануға берілген болатын. Бұл 2007 жылға қарағанда 3 пайызға артық », - дейді Ахметжан Смағұлұлы. Қала әкімінің айтуынша, биыл сондай-ақ жалға берілетін 300-ден астам пәтерлік 25 мың шаршы метрдің тұрғын үйлері салынбақшы. Бұл белгілі бір деңгейде мемлекеттік бағдарламаға балама болады деп жоспарланып отыр. Өйткені тұрғын үйге деген сұраныс Алматыда мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігі мен көрсеткіштерінен 3 есе жоғары.
Соңғы жаңалықтар