Алматыда биыл қоғамдық көлік жылы деп жариялануы мүмкін

АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда 2012 жылы бюджеттен көлік инфрақұрылымын дамытуға 55,1 млрд. теңге бөлінді.
None
None

Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін тұрғындармен есептік кездесуінде айтты.

Шаһар басшысының айтуынша, биыл Алматыда қоғамдық көлік жылы деп жариялануы мүмкін. 2013-2014 жылдары қалада жолаушылар тасымалдаудың 50 пайызын муниципалды қоғамдық көлік қамтитын болады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 2-ші муниципиалды парк жұмысын бастап, Еуропа қайта құру және даму банкінің қаражатымен кезекті 200 автобус сатып алынбақшы. Сондай-ақ Алматы қаласында көлікті дамыту аясында қалаға кіретін көліктер үшін 4 автовокзал мен 2 автостанса салынады. Оларда сырттан келген көліктерге арналған әрқайсысының сыйымдылығы 5 мың орындық паркингтер болады. Жергілікті бюджет есебінен көлік тұратын алаңдар 200 жаңа автобуспен және 200 жаңа таксимен қамтамасыз етіледі. Олар сырттан келгендерді Алматының орталығы мен метроның «Райымбек» стансасына дейін жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар