Алматыда болған сел салдарынан 7 үй жартылай бұзылып, 429 нысан су астында қалды - ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда болған сел салдарынан 7 үй жарым-жартылай бұзылып, 429 нысан су астында қалды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.
None
None

«Қазселқорғау» ММ Қарғалы өзені арнасындағы судың өту күйіне тұрақты мониторинг жүргізуде. Қазіргі кзеде су шығыны қалыпты жағдайда және ол 2,5 куб.м/с құрайды, төтенше жағдайлар туғызу үшін 15-20 куб м/с болуы тиіс. 828 нысан тескерілді. 7 үй жарым-жартылай бұзылып, 429 нысан су астында қалды. Оның ішінде екі мектептің ғимараты, 1 дәрігерлік амбулатория бар», делінген хабарламада.

«Алматы гидрогеология» ЖШС Қарғалы өзенінің арнасына жербетілік тексеру жүргізді. Оның нәтижелері бойынша қауіп төндіріп тұрған геологиялық процестер жоқ. Су деңгейінің көтерілу қаупі жоқ. «Алматыда сел тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Негізгі күш өзен арнасын, елді мекендерді, көшелер мен жолдарды лайлы-тасты массалардан тазартуға, зақымданған коммуникация желілерін қалпына келтіруге, тұрғындардың өтініштерін қабылдауға салынып жатыр», - деп атап өтілген хабарламада. Өткен тәуліктерде Наурызбай ауданының тазартылған аумағынан 7000 куб м көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтар мен лайлы-тасты масса шығарылды, өзен арнасының 1,5 шақырымы тазартылды. Алатау ауданының тазартылған аумағынан 5000 куб м артық көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтар мен лайлы-тасты масса шығарылды. «Қазавиақұтқару» АҚ авиациясы үш тікұшақпен кезекшілігін жалғастыруда. Алматы қалалық әкімдігі мен ТЖД, «Қазселқұтқару» ММ Іле Алатауы, Ақсай шатқалының мореналық көлдерінің, Қарғалы, Талғар, Түрген, Қорғас, Ақсай өзендерінің және Үлкен Алматы көлінің жайын бағалау үшін және қасындағы учаскелерді барлау үшін ұшулар ұйымдастырылды. Гидрометерологиялық жағдайды бақылауға алу үшін «Қазселқорғау» ММ қосымша гидробекеттері қойылды.

Соңғы жаңалықтар