Алматыда «бомбаға» байланысты екі ауруханадан науқастар эвакуацияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жарылғыш зат туралы мәліметке байланысты № 4 аурухана мен жедел көмек көрсету ауруханасынан науқастар мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Екі медициналық мекеме аумағында саперлердің жұмылдырылуымен тексеру және іздестіру шаралары жүргізілді.

«Медицина қызметкерлері мен науқастар эвакуацияланды. Кешенді тексеру және іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижиесінде екі ауруханадан да жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпарат жалған болып шықты», - дейді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, шілде айының соңында Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен болатын. Саперлер мәліметтің жалған екенін анықтады.


Соңғы жаңалықтар