Алматыда былтыр барлық негізгі бағдарламалар толығымен орындалды - Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Үкімет пен Алматы әкімдігі дер кезінде қолға алған шаралардың арқасында белгіленген жоспарларды орындаумен қатар әлемдік қаржы дағдарысының қала экономикасына кері әсерін баяулатты.
None
None
Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен жылы әлеуметтік даму жылы болып аталғаны белгілі. Ерекше маңызы бар салаларға - жанар-жағар майға, ұнға, нанға, өсімдік майына бағаны төмендетуге қол жетті. Осының нәтижесінде инфляцияның бақылау деңгейі 10,7 пайызды құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге азайды. Ауыл шаруашылық жәрмеңкелері белсенді түрде өткізілді. Коммуналдық базарлар, «Арзан», «Магнум» секілді көтерме дүкендер желісі дами түсті. Тұрғын-үй құрылысында мемлекеттік қолдаудың және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында бәсеңдетушілікті баяулатуға қол жеткізілді. Мәселен былтыр 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2007 жылға қарағанда 3 пайызға көп», - дейді Ахметжан Смағұлұлы. Осыған қарамастан дағдарыс қала экономикасының жекелеген экономикалық индикаторларын төмендетіп отыр. Қала әкімінің айтуынша, өнеркәсіп секторындағы бәсеңдеушілік 11 пайызды құрап, негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,5 пайызға төмендеді. Сарапшылардың бағалауына қарағанда, отандық банктер қала экономикасына берген несие көлемін 34 пайызға азайтты. Оның жалпы сомасы 1 триллион теңгеден асып түседі. «Экономикалық даму қарқынының төмендеуі мемлекеттік бюджетке салық төлемдерінің түсуіне де әсер етті. Дегенмен жергілікті бюджет 100 пайызға орындалып, оған 174 миллиард теңге құйылды. Республикалық трансферттерді ескергенде қалалық бюджеттің шығындары 2008 жылы 220 миллиард теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Осының арқасында барлық негізгі бағдарламалар Алматыда толығымен орындалды», - дейді А.Есімов.
Соңғы жаңалықтар