Алматыда «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот отырысы басталды

Сотта Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтен бөлек тағы 43 адамның ісі қаралады.
Сағат 10:00-ге белгіленген сот отырысы 11:00-де басталды. Сот залына кіргісі келетіндер көп болды. Алайда орын аз болғандықтан айыпталушылардың туыстары мен қоғамдық қорғаушылар ғана кірді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сот процесін келесі бөлмеден бақылап отыр.
Сот залында сотталушылардың аз ғана бөлігі отыр, олардың арасында Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиев бар. Басқа да айыпталушылар қатысты онлайн форматта қатысып жатыр.
Сот барысында қатысушылар дыбыстың нашарлығына шағымданды. Сол себепті техникалық ақауларды шешу үшін сот отырысы жарты сағатқа тоқтатылды.
Бұған дейін Алматы қалалық соты қылмыстық іс бойынша сот процесіне адвокаттардың кіруіне кедергі келтіріліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.
Ал, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 2022 жылдың 22 сәуірде пайда болған еді.
Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.