Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпір 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев Есентай өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, көпірді тексеру кезінде шаһар басшысына оны күшейту жұмыстары туралы баяндалды. 2020 жылы құрылымның жағдайы апатқа дейінгі деп танылған.

«Сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталған ақаулар көпірдің жүк көтергіштігі мен қауіпсіздігіне әсер етті. Жөндеу жұмыстары шеңберінде ригель күшейтіледі, аралық құрылыстың плиталары жаңартылады, 96 арқалық ауыстырылады, сондай-ақ асфальтбетон жабыны салынады. Қайта құру жұмыстары үш кезеңнен тұрады. Бүгінгі таңда жұмыстың екінші кезеңі жүргізілуде. Көпірдегі қозғалыс кезең-кезеңімен ашылады: бүгінде учаскенің оңтүстік жағындағы көпірде жұмыс жүргізіліп, қозғалыс ашық»,- деп атап өтті әкімдіктен.

Күзде жаңа оқу жылы басталып, көлік ағыны ұлғаятыны ескеріліп, мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс бригадалары екі ауысымда жұмыс істейді.

Бұл көлік көпірін жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңына дейін, яғни нормативтік мерзімнен 2 есе ерте аяқтауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, көпірді жөндеу 6 маусымда басталған болатын.

Осылайша, 6-7 айдың орнына қайта құру мерзімі 3 айда аяқталады. Бұл ретте құрылыс нормалары мен қауіпсіздік қағидалары толық сақталған кезде жұмыстар жүргізіледі.

«Қайта құрудың маңызды нәтижесі көлік жолақтарының санын ағымдағы 6-дан 8-ге дейін ұлғайту арқылы көпір кеңейиіледі, яғни әр бағытта 4 жолақ. Бұл вело-жаяу жүргіншілер көпірін негізгі көліктен бөлек құрылыстарға ауыстырудың арқасында мүмкін болды.

Ерболат Досаев ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандустарды орнатудың маңыздылығына жауапты орындаушылардың назарын аударды.

Тексеру қорытындысы бойынша мегаполис әкімі Ерболат Досаев көлік көпірін 1 қыркүйектен бастап іске қосуды тапсырды. Жаяу жүргіншілер көпірлерін салу жұмыстары қазан айының ортасына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, қала басшысы келесі жылдың ақпан айына дейін қала тұрғындарының жайлылығы үшін іргелес аумақты абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар