Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Операция барысында Алматы және ҚР басқа өңірлерінің аумағында Интернет арқылы «Альфа-PVP» синтетикалық есірткілерін қолдан жасап, өткізуді ұйымдастырған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«29 маусымда Алматы мен оның маңында шамамен 16 кг «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 кг есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді. «Қара нарықта» тәркіленген есірткі құралдарының құны жарты миллиардтан астам теңгеге бағаланады»,-деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа дейінгі тергеуге алынды.





Фото: www.gov.kz


Соңғы жаңалықтар