Алматыда ҚР ІІМ дипломатиялық өкілдіктерді қорғау бойынша полиция полкінің инспекторына шабуыл жасалды

АЛМАТЫ. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда шамамен түнгі үштер шамасында Қазақстандағы Беларусь елшілігі өкілдігінің резиденциясында қызмет ететін ҚР ІІМ дипломатиялық өкілдіктерді қорғау бойынша полиция полкінің инспекторына шабуыл жасалды, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Бәзбіреулер оның басынан белгісіз бір затпен ұрған. Полиция қызметкері бас сүйек пен ми жарақатымен шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Аталған қылмысты тергеу үшін Алматы қаласының ішкі істер департаментінде жедел қызметтің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар