Алматыда курсанттар белсенді дауыс беруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары сайлауда белсенділік танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңертеңнен бастап әр курсант өз құқығын пайдаланып, әскери оқу орнында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Президент сайлауы - Қазақстан үшін аса маңызды таңдау. Еліміздің бүтіндігі мен тұтастығы, болашағы сайлауға байланысты. Біз болашақ офицер ретінде жаңа президентіміздің саясатын қолдап, еліміздің көркеюіне үлес қосуға дайынбыз», - деді курсант Рүстем Жәдігер.null null

Әскери институттың тұрақты құрамы мен олардың отбасы мүшелері де өз конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс берді.

Барлығы институт атынан сайлау учаскесіне 1 500 адам келеді.

Жалпы алғанда бүгін Алматыда 563 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Қала бойынша бүгінде 1 миллион 130 мың 792 сайлаушы тіркелген. Учаскелер тұрақты және тасымалданатын сайлау жәшіктерімен, қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілген.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Соңғы жаңалықтар