Алматыда қымбат көлік ұрлап жүргендер ұсталды

Полиция қызметкерлері оларды қолға түсіру үшін бейнетүсірімдерді пайдаланған.
«Ұйымдасқан қылмыстық топ бірнеше «Тойата» камри көліктерін ұрлаған. Алғашқы күндері-ақ біз олардың Қырғыз еліне өтіп жүрген жолын тауып, ізіне түстік. Ары қарай, толық мәліметтер жинау үшін оларға аңду салдық. Нәтижесінде олар кезекті «Тойота Ланд Крузер» көлігін барымталап бара жатқанында ұстадық», - деді Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.
Оның айтуынша, қылмыстың топ бес адамнан тұрады. Олардың жасы 23-32 аралығында. Екеуі Жамбыл облысының, екеуі Алматы облысының, біреуі ОҚО тұрғыны.
«Күдіктілер қамауға алынды. Іске қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша қылмыстыық іс қозғалды», басқарма басшысы Ж.Зиадин.