Алматыда локдаун қандай жағдайда енгізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада қандай жағдайда локдаун енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біздің кездесуіміз локдаунға жол бермеу үшін жасалды. Бүгін төсек-орындардың санына қараймыз, қазір олардың 50 пайызы бос емес, көріп отырғандарыңыздай, төсектер жеткілікті. Бізде әлі де 4 мыңға жуық төсек-орын қоры бар, оларды қажет жағдайда тарта аламыз. Біздің міндетіміз – барлық деңгейде медициналық көмек көрсете алуымыз үшін денсаулық сақтау жүйесінің күйреуін болдырмау», - деді ол.

Сонымен қатар, ол тәулігіне 500-ден аса пациент ауруханаға жатса, толық локдаун мәселесі қаралатынын жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты 20-28 наурыз аралығында карантин талаптары күшейтілді. Осыған орай, автобустың қозғалыс режимі өзгерді.

Сондай-ақ жұғу қаупі 70 пайызға жоғары коронавирустың жаңа штамдары тексеріліп жатқаны туралы мәлім етілді.



Соңғы жаңалықтар