Алматыда машина-бассейн көше аралап жүр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда адамдар пикаптың бортын бассейнге айналдырып алған. Қалалық полиция бүгін әлеуметтік желіде шыққан видеоны тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда машина-бассейн көше аралап жүр

«Жүргізуші адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Мұндай әрекеті үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазір жүргізушінің аты-жөні анықталып жатыр. Осындай тасымалдаудың аяғы қайғылы жағдайға әкеп соғатыны жүргізушілерге әлі сабақ болған жоқ», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Инстаграмда жарияланған бұл ролик қолданушылар арасында түрлі пікірталас тудырды. Бірі бұлай етуге болмайды десе, кей адамдар «салқындаудың керемет тәсілі» деп бағалап отыр.