Алматыда мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін оқу орындарына деген тапшылық 17 пайызға азайды

АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда білім беру жүйесі мен нысандарын дамытуға биыл қала бюджетінен 34 миллиард теңге жұмсалады. Оны бүгін тұрғындармен болған есепті кездесуінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, 3 мектептің, 4 балабақшаның құрылысы және 4 мектептегі құрылыс жұмыстары аяқталған. Соның нәтижесінде мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерде 5 мыңнан астам жаңа орын ашылып, тапшылық 17 пайызға азайып отыр. Қазіргі таңда тағы 2 мектеп пен 3 балабақшаның құрылысы жүргізіліп жатыр. «Білім беру ? инфрақұрылымның дамуы ғана емес, бұл ең алдымен стратегиялық басымдық, интеллектуалдық әлеуетті дамыту. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша, қалада орташа балл 71,4-ті құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен жоғары. Жалпы білім беретін мектептер мен кәсіби техникалық мектептердің бәрі компьютерлік техникалармен қамтамасыз етілген. Мультимедиялық кабинеттер мен виртуалды зертханалар жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ 1-4 сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылған», - дейді Алматы ықаласының әкімі Ахметжан Есімов.
Соңғы жаңалықтар