Алматыда өткен жылы еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда өткен жылы қалалық еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша 14 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ бұдан бөлек әлеуметік еңбекпен қамту қызметтері арқылы 4,5 мың адам жұмысқа орналасты.
None
None
Бұл деректер бүгін қала әкімі Ахметжан Есімовтың тұрғындармен өткізген есеп беру кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2008 жылы 11 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, оған 234 жұмыс беруші қатысты. Олар бұл шаралар кезінде 10 мың жұмыс орнын ұсынып, соның нәтижесінде 2 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Ал қалалық еңбек биржасына келіп тіркелген 4045 адамның 1714-і жұмыс орнын тапты», - дейді Ахметжан Смағұлұлы. Оның айтуынша, жұмыс табуға көмектесетін жекеменшік 15 агенттік арқылы тағы 2 мыңға жуық адам жұмысқа орналасуға мүмкіншілік алды. Қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында қалалық әкімдік пен өнеркәсіпшілер және жұмыс берушілер мен кәсіподақтар одақтары арасында өзара ынтымақтастық туралы 100 меморандум жасалған. Сондай-ақ зәру адамдарға көмек беру жөнінде бизнестік әлеуметтік жауапкершілік бойынша 49 меморандумға қол қойылып отыр. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады деп жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар