Алматыда Шығыс айналма жолын салуда 14,5 млрд. теңге игеріліп, бірінші кезектегі құрылыс жұмыстары аяқталды - Медеу ауданының әкімі

АЛМАТЫ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Шығыс айналма жолы Алматы инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып табылады. 2010 жылы қала әкімі Ахметжан Есімовтің тікелей бақылауымен Шығыс айналма жолын салуда 14,5 млрд. теңге игеріліп, бірінші кезектегі құрылыс жұмыстары аяқталды.
None
None

Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов бүгін Алматыда аудан тұрғындарымен кезекті есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

"Қазіргі таңда Шығыс айналма жолының ұзақтығы 5,6 шақырымды құрап, уақытша жүру бөлігі (Достық даңғылы мен Балтабай көшесінің аралығы ШАЖ, Балтабай мен Халиулин көшесінің аралығы уақытша жүру бөлігі) қолданысқа берілді. Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматыға жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды тексеру уақытында, Шығыс айналма жолын салудың Алматы қаласы үшін стратегиялық маңызы бар екенін айтып, бірқатар тапсырмалар берген болатын. Қала жолдарының бестен бірі аудан аумағымен өтеді, сондықтан инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында тұрақты түрде автокөлік жолдары мен көшелерді жөндеу жұмыстары атқарылуда. 2010 жылы Медеу ауданы бойынша жалпы қашықтығы 37.5 шақырымды құрайтын 52 көше жөндеуден өтті ",-деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына 2 млрд. 782,1 млн. теңге бөлінген. "Жалпы ұзындығы - 1341 метр кәріз желілері жөнделді, 5182 метр жылу құбырларында қайта жөндеу шаралары жасалды. Қазіргі таңда алда өтетін қысқы Азия ойындарына дайындық жұмыстары қызу жүруде. «Медеу» спорт кешенінде халықаралық стандартқа сай мұз айдынын жасайтын құрылғылар орнатылды. Сонымен қатар «Шымбұлақ» кешенінде де біршама істер атқарылды. Атап айтқанда автотұрақ, қонақүй құрылысы, гондолдық жол орнату жұмыстары жасалды. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Медеу» кіші стансысына 7 млрд. 832 млн. теңге, «Шымбұлақ» кіші стансысына 4 млрд. 281 млн. теңге бөлініп, қайта жөндеу жұмыстары орындалды. Оған қоса 22,7 шақырым кабельді тоқ желілері жөнделді. Бұл ауданның жоғарғы аймақтарында электр қуатының өшпеуіне септігін тигізеді",-деді ол.

Әкі сонымен қатар: "«Жол картасы» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 803 адам жіберілді, 58 млн. 712 мың теңге игерілді. Жастар тәжірибесі бойынша 510 адам жұмысқа орналасса (жоспар 300 адам), қайта даярлау курстарына - 122 адам жіберілді",-деді.

Соңғы жаңалықтар