18:14, 13 Наурыз 2021 | GMT +5
Алматыда ұшақ апатқа ұшырады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде таралды.
«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды.
Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған», - деді әуежайдан.
Алдын ала ақпаратқа қарағанда, төрт адам қаза тапқан, екеуі зардап шеккен. Оларды Іле аудандық ауруханасына жіберді, деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасынан.