Алматыда жаяу жүргіншілерді басып кете жаздаған «Хаммер» жүргізушісі ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілерді басып кете жаздаған «Хаммер» көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қымбат көлікті тізгіндеген жүргізушінің әрекетін бақылаған жергілікті полиция қызметі оның жол ережесін бірнеше рет бұзғанын анықтады.
Тексеру нәтижесіне сәйкес жүргізуші ҚР ӘқК 596-бабының 3-бөлімі, 600-бабының 1-бөлімі, 599-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер оған қатысты үш әкімшілік хаттама толтырды.
Өндіріс әкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотқа жіберілді.