10:57, 05 Сәуір 2021 | GMT +5
Алматыда жексенбі күні 6 мыңнан астам адам вакцина салдырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 6 664 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«4 сәуір күні 6 664 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды. Жалпы, 1 ақпаннан бастап 23799 тұрғын «Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентін алды»,- деп деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Бұған дейін, Нариман Табынбаев қалада коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектелетінін мәлім еткен еді.
Қазір қалада 56 вакцина пункті жұмыс істеп тұр.
Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын.
Сонымен қатар, сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пункті ашылады.