11:11, 21 Маусым 2016 | GMT +5
Алматыда жол қиылысында жатқан күдікті қорап тұрғындардың зәресін алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол қиылысында жатқан күдікті қорап тұрғындардың зәресін алды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті.

Оның айтуынша, Сейфуллин даңғылы мен Тобаяқов көшесінің қиылысында жатқан күдікті зат туралы таңғы сағат 08:20-да жергілікті тұрғын полиция бөліміне хабарлаған екен. Сол мезетте жедел ден қою қызметтері іске кіріседі.
«Заттың ешқандай қауіптілігі жоқ. Ол бос жатқан қорап болып шықты. Эвакуация болған жоқ. Тек көлік құралдарының жүру бағыты ғана уақытша өзгертілді», - деді С. Әзірбек.