Алматыда жолаушылар көлігінің 50-ден артық жүргізушісі жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. 1 қазан. ҚазАқпарат - Бір апта ішінде қалалық автобустардың 30 жүргізушісі мен басқа қалаларға жүретін автобустардың 23 жүргізушісі жол жүру ережесін өрескел бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
None
None

Бұған ІІД ЖПБ мен Алматы қаласы бойынша Салық комитеті мен жолаушылар көлігі басқармасы бірлесіп өткізген шараның барысында қол жеткізілді, деп хабарлады Алматының ЖПБ баспасөз қызметінен.

«Жол полициясы жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі - жүргізушілердің арасында, әсіресе, жолаушылар тасымалдайтын көлік жүргізушілерінің арасында болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осы санаттағы жүргізушілерге қатысты азаматтардан түскен шағымдар мен оларға деген сұранысты ескере отырып, жол қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайтын мақсатты алдын алу шараларын өткізуді қолға алдық. Бағыттық автобустардың 29 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде бесеуі - орағытып өткені, алтауы - жолаушылар тасымалдауға рұқсат беретін куәлігі жоқтығы, алтауы - көліктерінің техникалық ақауы барлығы, екеуі - қиылыстан өту ережесін бұзғаны, ал 10-ы басқа жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Алматы облысы ІІД ЖПБ басшысының орынбасары, подполковник Жандос Мұраталиев.

Соңғы жаңалықтар