17:19, 13 Сәуір 2021 | GMT +5
Алматыда жүк көлігі көкөніс сататын дүкенге соғылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жүк көлігі көкөніс сататын дүкенге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 12 сәуір күні Наурызбай ауданында болған.
«Кеше кешкі сағат 18:30-дар шамасында «Howo» жүк көлігінің жүргізуші Асқаров көшесімен батыс бағытта келе жатып, Арычная көшесінің қиылысындағы дүкенге соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жарақат алды. Келеңсіз жағдайды Наурызбай ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр», - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.