Алматыда зират қызметкерлері жерлеу бағасын көтерген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы жерлеу бағасын көтерген зират қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда 8 адам зират қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне шағымданған.

Олардың айтуынша, зират қызметкерлері бекітілген сомадан бөлек тағы 70-80 мың теңге үстеме төлеуге мәжбүрлеген.

Олар қайтыс болған адамдардың туыстарынан көму ақысынан бөлек қосымша ақша бопсалаған.

Бұл қосымша ақыға чек берілмеген. Зират қызметкерлері ақшаны заңсыз иемденген.

Жақынынан айырылып қайғы жұтқан адамдарға моральдық, материалдық шығын келтірілді.

ҚР Президенті мен ҚР ІІМ басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды.

Кешенді тексеру жұмыстарының нәтижесінде екі адам ұсталды.

Қазіргі таңда жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Полиция басқа да зираттарға тексеру жүргізбек.


Соңғы жаңалықтар