Алматыдағы сауда орталығында 5 кг есірткімен Қырғызстан азаматшасы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Сити-Плюс» сауда орталығының маңынан 5 келіден артық есірткімен Қырғызстаннан келген әйел ұсталды.
None
None

Бұл туралы ҚР ІІМ ЕБҚК баспасөз қызметінен хабарлады. Қазақстан Республикасы ЕБҚК өңірлік есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Қазақстан аумағына есірткіні тасымалдау арнасын жойды. Сонымен, Алматыда «Сити-Плюс» СО маңында Қырғызстан азаматшасы қолға түсті, оны тексеру барысында ақшыл сары түсті зат салынған «555» таңбасымен таңбаланған матадан жасалған бес пакет тәркіленді. Сараптама нәтижесі бойынша бұл жалпы салмағы 5 келі 140,68 грамм болатын, ауған жерінде шығарылған есірткі заты болып шықты. Ұсталған азаматша жүктіліктің соңғы айында екен, әрі жеке басын куәландыратын құжаты да жоқ болып шықты. Тергеу барысында ол өзі туралы жалған мәлімет берді. Бүгінде күдіктінің дәйекті сауалнамалық деректері анықталып, оның Қырғызстан мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз кесіп өткені расталды. Медициналық тексерістен кейін әйел Алматы қ. ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта қазақстандық полицейлер Қырғызстандағы әріптестерімен бірлесіп, заң бұзушының Қырғызстандағы есірткі саудасымен заңсыз айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысының бар-жоғын анықтауда. Осылайша, Қырғызстан азаматшасының іс-әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3-бөлігі «в» тармағында көзделген қылмыстық белгілерінің бары қарастырылуда, ол тармақта мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылғай дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленген.

Соңғы жаңалықтар