Алматыдан 152 шақырым қашықтықта 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы уақыты бойынша 7:15-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
None
None

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 152 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.5, магнитудасы - 4.0. Тереңдігі - 15 км.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар