01:43, 30 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 00.43-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде Қытай мен Қырғызстан шекарасы аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,4, магнитудасы - 4,7. Тереңдігі - 30 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.